18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – Ұлттық киім күні

Наурызнаманың онкүндігі аясында аталып өтетін Ұлттық киім күні – халқымыздың бай мәдени мұрасы мен дәстүрін дәріптеуге арналған ерекше мереке. Бұл күні ұлттық киімдеріміздің сәні мен мағынасы насихатталып, олардың тарихы мен тәрбиелік мәні кеңінен таныстырылады.
Ұлттық киім – халқымыздың болмысы мен рухани құндылықтарының айқын көрінісі. Осы орайда, әкімшілік, клуб, кітапхана қызметкерлері ұлттық нақыштағы киім киіп, салт-дәстүрімізді ұлықтады.