
Наурызнаманың онкүндігі аясында 16 наурыз- Мәдениет және салт- дәстүр күніне орай, Ақтоғай ауылдық округі ауылдық клубында Келін түсіру және Тұсау кесер салт -дәстүрлері сахналанып, ұлттық құндылықтарымыз насихатталды.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері, ырым-тыйымдары мен әдет-ғұрыптарын кеңінен насихаттау, олардың тәрбиелік мәнін жас ұрпақтың санасына сіңіру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру – шараның басты мақсаты болды.
Шара барысында халқымыздың дәстүрлі ғұрыптары сахналық көріністер арқылы көрерменге ұсынылып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.