
Наурызнаманың он күндігі аясында Ақтоғай ауылдық округінде 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай игі шаралар ұйымдастырылды.
Қайырымдылық – адам бойындағы мейірім мен жанашырлықтың белгісі. Осы күні мекеме қызметкерлері бірлесіп, мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, азық-түлікпен көмек көрсетті.
Шараның басты мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру, бір-біріне қамқор болу мен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
#ҚайырымдылықКүні
#Наурызнама