
Өткен жылы облыстың сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне құқығы бұзылған тұтынушылардан 1920 өтініш кеп түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 38 пайызға көп көрсеткіш. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Бағжан Тілегенов мәлімдеді. Спикердің айтуынша, ең көп шағымдар бөлшек сауда, тұрмыстық және онлайн қызметтер саласына қатысты.
«2025 жылы департаментпен 1920 өтініш қаралды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 138% көрсеткіш. Өтініштердің көп бөлігі тұтынушылардың пайдасына шешілді, нәтижесінде тұтынушыларға 100,3 млн теңге қайтарылды. Есепті кезеңде тұтынушы құқықтарын бұзғаны үшін 160 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар мен ескертулер берілді», — деді Бағжан Тілегенов.
Департамент өкілі тұтынушыларға өз құқықтарын қорғаудың бірнеше тиімді жолын атап өтті. Ол үшін алдымен сатушыға немесе қызмет көрсетушіге жазбаша шағым жолдауға болады. Сондай-ақ, eotinish.kz порталы арқылы онлайн өтініш беруге мүмкіндік бар. Қоғамдық ұйым