Сарысай және Шоқысу ауылдарында жаңа медициналық пункттер пайдалануға берілді

Сарысай және Шоқысу ауылдарында жаңа медициналық пункттер пайдалануға берілді

Сарысай және Шоқысу ауылдарында жаңа медициналық пункттер пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының қолжетімді медициналық қызмет пен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту тапсырмасы аясында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында екі жаңа медициналық пункт ашылды.

Медпункттер Сарысай және Шоқысу ауылдарында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша салынды. Құрылысы облыстық бюджет және елге қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды.

Шоқысудағы (20 адам/ауысым) нысанға 126,5 млн тг, оның ішінде 74,5 млн тг Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді.

Сарысайдағы (25 адам/ауысым) медпунктке 133,8 млн тг жұмсалды, оның 97,4 млн тг – Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты.

 Сарысай тұрғыны Дариға Әлмұратова жаңа амбулатория ашылғанына ризашылығын білдіріп, Президентке және 40 жылдық еңбек өтілі бар медицина қызметкері Рая Ақжапароваға алғыс айтты.

 Ашылу рәсіміне аудан әкімі Жанболат Жидеханов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатысып, нысандардың ауыл тұрғындары үшін маңызын атап өтті.
♿ Екі медпункт те заманауи жабдықтармен қамтылып, инклюзивтілік талаптары толық сақталған.

Жаңа нысандар ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, медицина қызметкерлерінің жағдайын жақсартады және ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын нығайтады.

Арнаулы мемлекеттік қор есебінен облыста ауылдық денсаулық сақтау бойынша 11 жоба іске асырылуда: 7 нысан пайдалануға беріліп, 4-і аяқталуға жақын.