
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәмелетке толмаған әрбір қазақстандыққа Ұлттық қордың соңғы 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісінің 50 пайызы жыл сайын есептеліп отырады.
Алайда, желіде балалардың деректерін мемлекеттік базаға енгізіп береміз деп, ақылы қызмет ұсынатын хабарландырулар жиілеп кетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қатаң ескертеді: Делдалдардың көмегі қажет емес!
🔍 Барлығын өзіңіз тексере аласыз:
* Балаларыңыз туралы мәліметтердің бар-жоғын
* Аты-жөні
* ЖСН
* Туған күнінің дұрыстығын
👉 Мұның бәрін egov.kz порталының жеке кабинетінде бірнеше секундта қарап шығуға болады.
Егер мәліметтер қате көрсетілген не мүлде жоқ болса – оны да бар-жоғы бір-екі қимылмен түзетуге болады.
Жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз!
📲 Сұрақтарыңыздың барлығына толыққанды жауап пен егжей-тегжейлі ақпаратты kids.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасынан таба аласыз.
Балаларыңыздың қаражаты мен деректерін қорғаңыз!