Президент: Тәртіп пен заң — бәрімізге ортақ құндылық болуы керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында қоғамдағы тәртіп пен заңның рөлін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, заң қысым көрсету емес, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың құралы болуы тиіс.
" Тәртіп – жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну – әркімнің өмір салтына айналуға тиіс", — деді Президент. Оның айтуынша, қоғамда мәдениет пен азаматтық жауапкершілік қалыптасқанда ғана еліміз дамудың жаңа деңгейіне көтеріледі.
Мемлекет басшысы жастарды тәрбиелеудің маңызын да атап өтті. Жастарды заңға құрметпен қарауға, әдеп пен тәртіпке баулуда мектеп пен ата-ананың жауапкершілігі зор.
«Таза Қазақстан» бастамасы – тек табиғатты қорғау емес, сана мен қоғамның тазалығына үндеу екенін еске салды Президент.
Осы орайда елімізде «Заң және тәртіп» апталығы жарияланды. Бұл бір реттік акция емес, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Президент сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту қажет екенін айтты. Қылмыстың тамырын дер кезінде кесу үшін жаңа заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске ұсынылды. #заң&тәртіп
#заңментәртіп
#законипорядок