Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға кім құқылы?

Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға кім құқылы?

Зейнетақы аннуитеті шартын жасауға кім құқылы?

БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына (СҰ) зейнетақы жинақтарын аударуға құқығы бар тұлғалар:

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:

1)Зейнет жасына жеткен азаматтар:

Ерлер – 63 жасқа толғанда;

Әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін әйелдердің зейнет жасы жыл сайын 0,5 жасқа артып отырады);

2)45 жасқа толған азаматтар, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен емес сақтандыру төлемін қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинақтары СҰ-мен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті болған кезде.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын:

1)Зейнет жасына жеткен азаматтар:

Ерлер – 63 жасқа толғанда; әйелдер – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толғанда (2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1