Таза Қазақстан: Ақтөбеде «ReStart» жобасы аясында ауқымды сенбілік өтті.

Таза Қазақстан: Ақтөбеде «ReStart» жобасы аясында ауқымды сенбілік өтті.

 

Ақтөбеде республикалық «ReStart» жобасы аясында ауқымды экологиялық сенбілік өтті. Шара барысында «Таза Қазақстан» акциясы да дәріптелді. Қатысушыларға пластикті дұрыс сұрыптау жолдары, жиі жіберілетін қателіктер және олардың алдын алу тәсілдері түсіндірілді. Экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар да айтылды. «ReStart» жобасы он жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Биылғы маусым наурыздың соңында басталды.