"Туған жерге тағзым" акциясы аясында Айшуақ ауылдық округінің орталығы Бегімбет ауылына кіре беріс жолға аспалы қақпа орнатылды. Айшуақ орта мектебінің 1995 жылғы түлектері, яғни 1978 жылы туылған азаматтар мен азаматшалар игі істің ұйымдастырушысы болып, туған жерге деген ыстық ықыластарын тамаша тартумен жеткізді. Ауылдардың өркендеуі мен дамуы мақсатында жасалған бұл игі шараның өтуі барысында Айшуақ ауылдық округінің әкімі О.Әбшанов түлектерге шексіз алғысын жеткізіп, ұстаздары жүрекжарды тілектерін арнап жатты. Ауданымыздың алға жылжуы жолында жақсы іске ат салысқан әр жанға алғыс білдіріледі.