Балаларға қамқорлық – бұл бірлескен жауапкершілік және мемлекеттік саясаттың нақты басымдығы

Балаларға қамқорлық – бұл бірлескен жауапкершілік және мемлекеттік саясаттың нақты басымдығы

 

Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берілген тапсырмасы шеңберінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп, Парламент депутаттары мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараны біріктіретін «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Болашақ бағдарламаның құрылымында сапалы білімге қол жеткізу, балалардың денсаулығы, отбасыларды әлеуметтік қорғау және қолдау, қауіпсіздік, спорт, шығармашылық және балаларды қоғамдық өмірге тарту, отбасының рөлін нығайту, саналы ата-ана болу және әке болуды қолдау сияқты негізгі бағыттар бар. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деді.
Оның айтуынша, «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы – тең мүмкіндіктер, әрбір баланы қолдауға және қорғауға баса назар аудара отырып, балалар мүдделері үшін орнықты мемлекеттік саясаттың іргетасы.

Толығырақ: https://ortcom.kz/kk/novosti/1748596280