Қазіргі таңда қоғамда эмоционалдық және психологиялық мәселелер жиі кездесіп, әсіресе, балалар арасында келеңсіз жағдайлардың орын алып отырғаны жасырын емес. Бұл өз кезегінде ата-ана, бала және мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа әсер етіп, оқу процесінде қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру қажеттілігін туындатады.
Осы мақсатта Ақтөбе қаласында 2024 жылдың мамыр айында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы ашылды. Орталық білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар, ата-аналар мен қамқоршыларға психологиялық көмек көрсетуді мақсат етеді. Ашылғаннан бері орталық 900-ге жуық консультация өткізіп, мазасыздық, қорқыту және басқа да стресстік жағдайларға ұшырағандарға қолдау көрсетті.
Орталық мамандары тек балалармен жұмыс істеп қана қоймай, олардың ата-аналарымен де тұрақты байланыс орнатады. Сонымен қатар, орталыққа анонимді жолығу мүмкіндігі қарастырылған: онлайн-консультациялар және жедел желі арқылы мамандардан құпия түрде көмек алуға болады.
«Психологиялық көмекке жүгіну – ұят емес, бұл жақындарыңызбен жайлы орта қалыптастыруға жасалған қадам. Біз сіздердің психологиялық саулығыңызды қамтамасыз етеміз. Құпиялылыққа толық кепілдік береміз», – дейді орталық директоры Айбек Айтбаганбетов.
Ата-аналар мен оқушыларға психологиялық көмек беруге арналған байланыс нөмірі:8 702 031 25 22. Жедел желі тәулік бойы жұмыс істейді.
Для оказания психологической помощи родителям и учащимся работает круглосуточная горячая линия, номер которой - 8 702 031 25 22.