Ақтөбелік ардагерлер Астанада өткен әскери парадқа қатысты

Ақтөбелік ардагерлер Астанада өткен әскери парадқа қатысты

Әскери парадта ҚР Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан армиясына Біріккен Ұлттар Ұйымының сенім білдіргенін ерекше атап өтті. Бұл еліміздің халықаралық аренада беделін арттырып, әлемдегі бейбітшілікке қосқан үлесіміздің дәлелі. Біздің сарбаздар БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуда, бұл – үлкен жауапкершілік және сенім. Қазақстанның армиясының қуаты – Тәуелсіздігіміздің символы. Әскери күштеріміздің нығаюы, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, мемлекеттілігіміздің берік болуы – барлығы армиямыздың күш-қуаты мен дайындығына байланысты. Біздің жауынгерлеріміздің ерлігі мен кәсібилігі – халықтың сенімі.