Кездесу барысында жоба шеңберінде Ақсақалдар кеңесінің төрағасы «Адал еңбек – абыройдың бастауы» тақырыбында сөз сөйлеп, студенттерді еңбекқорлыққа, шынайылыққа және жауапкершілікке баулудың маңыздылығы туралы айтты.
Шараға Ақсақалдар кеңесі, Ақтөбе қаласы прокуратурасының және Ақтөбе облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері қатысып, жастарға қоғамдағы бес кеселдің алдын алу жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықбұзушылықтың алдын алу, патриоттық тәрбие мен еңбекке баулу мәселелері талқыланып, пікір алмасу өткізілді.