Ақтөбе облысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен үш ірі жобаны іске асыру жоспарлануда

Ақтөбе облысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен үш ірі жобаны іске асыру жоспарлануда

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында өңірдің өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін едәуір күшейтетін үш ауқымды жоба қаралды

Жобалардың біріалкогольсіз сусындар шығаратын зауытМұны Coca-Cola Almaty BottlersЖШС жүзегеасырудаИнвестициялардың болжамды көлемі 30-32 млрд теңге Түрік компаниясы Coca-Cola Içecek A.Ş өзінің CCI International Holland B.V еншілес құрылымы арқылы шетелдік инвестор ретінде танылып отыр

Зауыт салу үшін инвесторға дайын инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскесін бөлу қажет. Әлеуетті аумақ ретінде Ақтөбе қаласы маңындағы және Алға, Мұғалжар, Хромтау аудандарындағы учаскелер қарастырылуда. Зауыт орнын таңдау кезінде логистика, су, электр энергиясы, газ және жолдың болуы ескеріледі.

Екінші жоба шыны ыдыс шығаратын зауытЖобаныAKTOBE STEKLO ЖШС бастамашылық еткенИнвестициялардың жалпы көлемі 34,033 млрд теңгеЖоба аясында Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауыменгаз поршенді станцияны сатып алусондай-ақ қалалықполигонға жақын жерде 1 га аумақты бөлу көзделген

Жобаны Индустрияландырудың бірыңғай картасынаенгізу жоспарланудаБұдан өзгеболашақта шетелдіксеріктестердіATEC GROUP холдингін тартукөзделгенбұл кәсіпорынның өндірістік және экспорттықмүмкіндіктерін күшейтеді

Үшінші жоба аммиак пен карбамид өндіретін кешенЖобаның бастамашысыKMG PetroChem ЖШС. Жобаның жалпы құны 1,2 - 1,5 миллиард АҚШ доллары.

Қазір ірі жер учаскесін бөлутәулігіне 20 мың тоннағадейінгі көлемде техникалық судың тұрақты берілуінқамтамасыз етусондай-ақ жобаны құрылып жатқанарнайы экономикалық аймаққа енгізу мәселесі шешілуде

Өңір басшысы Асхат Шахаров бұл жобаларды іске асыру ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілегенелдің инвестициялық саясатының мақсаттарына қолжеткізудегі маңызды қадам болатынын атап өтті

Біздің міндетімізинвесторлар үшін барыншақолайлы жағдай жасауБұл қосымша жұмыс орындарымен салық түсімдері ғана емессонымен қатар капиталдытарту нүктесі ретінде өңірдің беделінің артуыдеп атапөтті облыс әкімі