
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Р.Рахиев Мұғалжар аудан әкімінің орынбасары Ә.Есенамановтың төрағалығымен «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы шеңберінде мемлекеттік тілді насихаттау және тілдің мәртебесін арттыру мақсатында кездесу өткізді.
Аталмыш шараға аудан әкімдігі, аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері, жастар мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін ұлттық бірегейліктің тірегі ретінде ұлықтау және тілдің құндылығын дәріптеу туралы сөз қозғалды. Жиынға қатысушылар тіл – елдің рухани тұғыры, тәуелсіздіктің басты белгісі екенін атап өтіп, жастарға мемлекеттік тілдің маңыздылығы түсіндіріліп, оны құрметтеудің – әр азаматтың парызы екені айтылды.