
Өңірлік кезеңнен өткен жеңімпаз ұжымдар мен жеке орындаушылар Астана төрінде республикалық байқауда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болмақ.
Фестиваль финалының бағдарламасында қатысушылардың номинациялар бойынша 3 алаңда өнер көрсетіп, бағыттар бойынша орындаушылық шеберлікті арттыруға бағытталған шеберлік сабақтар өткізілу көзделген.
Фестивальдің соңында жеңімпаздардың – 1 орын иегерлерінің гала-концерті және ресми марапаттау рәсімі өтеді.