Инвестиция тарту және инвестициялық жобалардың іскеасырылу барысы өңір басшысының қатаң бақылауында

Инвестиция тарту және инвестициялық жобалардың іскеасырылу барысы өңір басшысының қатаң бақылауында

Облыс әкімі Асхат Шахаровтыңтөрағалығымен өткен жиында өңіргеинвестиция тарту және 2025 жылғажоспарланған инвестициялықжобаларды іске асыру жұмыстарықаралды.

Өңір басшысы инвестициялықжобаларды жүзеге асыру алдыменоблыстың экономикалық дамуы үшінмаңызды екенін атап өтті. Соныменқатар жаңа жұмыс орындарын ашу, озық технологиялар мен инновацияларды енгізу, өндіріс көлемінұлғайту және бейінді басқармалар, инвесторлармен барлық мүдделітараптардың алдында тұрған жалпыөңірлік өнімнің өсуі жөніндегіміндеттерді белгіледі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы бұл бағыттағы жұмыс Премьер-Министрдіңтұрақты бақылауында екенін атап өтті. Осы мақсатта кеңеске Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы Арсен Латыпов арнайы қатысты.

Өз сөзіндеИндустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков 2025 жылы іске асырылуытиіс инвестициялар мен инвестициялықжобалар бойынша көрсеткіштерге, сондай-ақ арнайы экономикалық аймаққұру жөніндегі жағдайларға тоқталды.

2025 жылдың I тоқсаныныңқорытындысы бойынша негізгікапиталға салынған инвестицияларкөлемі 155,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерденедәуір артық. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес облысқа негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жоспар 1,6 трлн теңге көлемінде бекітілді.

2024 жылы өңірге тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 435,7 миллион долларды құрады, оның негізгі бөлігі өңдеу және тау-кен өнеркәсібі мен саудаға бағытталған.

Бұдан бөлек, аймақта 3,3 трлн теңгеге 74 инвестициялық жоба іскеасырылуда, нәтижесінде 13,2 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. 2025 жылы жалпы құны 460 млрд теңгенің 10 жаңа жобасын іске қосу жоспарланыпотыр, оның негізінде 1 мыңнан астамжаңа жұмыс орны ашылады депкүтілуде.  

Спикер өңірге айтарлықтайэкономикалық және әлеуметтікартықшылықтар әкелетін жобаларғаерекше мән берді. Олардың қатарындарельстерді дәнекерлеу зауыты, «Лиманное» кен орнын игеру, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл»шахтасы мен қой жүнін қайта өңдеужобасы, «Хромтау 1» жел электрстанциясын салу және өзге де бірқатаржобалар бар.

«Ақтөбе» АЭА құру мәселесінеайырықша көңіл бөлінді. Досжан Әлібеков қазіргі уақытта инженерлікжелілерді жүргізу схемаларыәзірленгенін және әкімдіктің 100% қатысуымен басқарушы компаниянықұруға келісім алынғанын жеткізді. Бұл компания жер учаскелерін жалға беру, инфрақұрылым салу, инвестициялартарту және сервистік қызметтеркөрсетумен айналысады.

Бұдан өзге, KazIndustry-менынтымақтастық мәселелері және инвестициялық жобалар үшін жер учаскелерін беру және инвесторлардыңинженерлік инфрақұрылымғашығындарын өтеу секілді Үкіметтіңжаңа шараларын енгізу пысықталуда.

Облыс әкімі барлық жоспарланғанжобалардың жүзеге асырылу барысынатұрақты мониторинг орнатудытапсырды. Индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығыбасқармаларына «Атамекен»палатасымен бірлесіп жаңа жобаларүшін бағыттарды айқындау мақсатындаөңірдің тұтыну және өндіріс теңгерімінәзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың сатыпалу жоспарларына егжей-тегжейліталдау жүргізу қажет.

«Мемлекет басшысы өз сөзіндеҚазақстанды шикізатқа тәуелділіктенарылту қажеттігін атап өтіп, экономиканың, инновациялар мен технологиялардың өңдеуші салаларындамытуға баса назар аударды. Осыған байланысты жаңа технологиялық және өндірістік жобаларды іске асыру үшінинвестициялар тарту маңызды.

Ақтөбе қаласында Арнайыэкономикалық аймақ, ал Хромтау ауданында Индустриялық аймаққұрылды. Осы аймақтарда іскеасырылатын жобалар үшін жеңілдікқаралады. Біздің аймақ минералдарғабай өңір: көмір, газ, мұнай, әктас, күміс, мырыш және басқа металдар. Бұл ресурстар тау-кен және металлургия өнеркәсібін дамытудың негізі. Агроөнеркәсіптік сектордың да әлеуетізор. Ол ауыл шаруашылығы өнімдерінөндіруге және өңдеуге инвестициялартарту үшін мүмкіндіктер ашады. Тек осы бағыттағы жұмысты тиімді үйлестірудіжолға қою қажет.

Инвестициялық жобалардың сәттіжүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшінсеріктестерімізбен, соның ішіндемемлекеттік органдармен және жекеинвесторлармен белсенді жұмыс істеуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда болады. Басқармалардың жауаптыбасшыларына, сондай-ақ жеке сектор өкілдеріне бастама көтеруді, инвестициялар ағынын қамтитын нақты шараларды әзірлеу және енгізудітапсырамын. Біз облыс экономикасынқолдауды және дамытудыжалғастырамыз, бизнес үшін қолайлыжағдайлар жасаймыз және тұрақты экономикалық өсуге, азаматтарымыздың өмір сүру сапасынжақсартуға мүмкіндік беретінинвестициялар тартамыз», - дептүйіндеді өз сөзін облыс әкімі.