
«Салауатты сана» жобасы аясында Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды» тақырыбында Ақтөбе қалалық № 21 орта мектеп-гимназиясында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Аталған жұмыс барысында «Адал азамат», «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» ҚХА арнайы жобалары шеңберінде қоғамның 5 әлеуметтік қауіпті кеселдерді: нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және ысырапшылдықты алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша жүйелі жұмысты жүргізу қарастырылды.Шараға Ақтөбе қаласы прокуратурасының және Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдері қатысып, «Нашақорлық – қоғамдық дерт», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптар аясында мәселелер талқыланып, пікір алмасу өткізілді.