
Конференцияға елімізге белгілі философ ғалымдар, профессор-оқытушылар, өңірлік ҚХА мүшелері, ғылыми сарапшылық кеңес, жас ғалымдар клубының мүшелері, студент жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Спикерлер Қазақстандағы этносаралық келісім мен тұрақтылықтың даму жолдарын талқылау, ұлттық бірегейлік пен патриотизмді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы туралы баяндамалар оқып, ойларын ортаға салды.