Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен Тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. 

Отырыс барысында облыстың еңбек сіңірген азаматы, белгілі қоғам қайраткері Келдібай Еспағамбетовтің Ақтөбеде тұрған үйінің қабырғасына, мәдениет және өнер саласына елеулі үлес қосқан Марс Құбатаевқа арналған мемориалдық тақтаны Темір аудандық клубы қабырғасына орнату туралы шешім қабылданды. 

 Сондай-ақ, республикалық маңызы бар тарихи және мәдени  ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізуге ұсынылған Ақтөбе облысы аумағында орналасқан тарихи ескерткіштер қаралып, бекітілді. Оның қатарында «Хан моласы», «Досжан хазірет мешіті», «Алмат тамы» сияқты тағы басқа ескерткіш-кесенелер бар.

t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi