27 қаңтар күні облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова бастаған жұмыс тобы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Жастар үйі» жатақханасына барып, студенттермен кездесті. Топтың құрамында облыстық ішкі саясат, білім, дін істері басқармаларының басшылары, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы бар.
Кездесу барысында жұмыс тобы жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерімен, маңызды мәселелерді шешу үшін студенттердің әлеуметтік белсенділігімен және тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Бұдан өзге, жатақхана студенттерімен еркін форматта жүздесе отырып, жастарға арналған «Серпін», «Бизнес бастау» бағдарламалары, жастар тәжірибесі, стипендия, мемлекеттік гранттар, т.б. көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу соңында студенттер өз ұсыныстарымен бөлісті.