«Ең мейірімді» конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда

«Ең мейірімді» конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда

 «Ең мейірімді» конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылдау жалғасуда

Қазақстанда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ пен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 1 қыркүйекте іске қосылған «Ең мейірімді» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Конкурс «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасына қатысушылар арасында он номинация бойынша өтеді: «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді бизнес», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді аула», «Ең мейірімді ЖОО», «Ең мейірімді мектеп», «Қоршаған ортаға ең мейірімді», «Ең мейірімді редакция» және «Ең мейірімді волонтер». Конкурсты өткізудегі негізгі мақсат – елдегі қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті насихаттауға бағытталған. Оған «Қайырымды істер марафоны» жобасы шеңберінде қайырымдылық және волонтерлік жұмысқа тартылған кәмелет жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Жеңімпаздарды комиссия осы жылдың 1-12 қарашасы аралығында анықтайды.

Қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 29 қазанына дейін жіберуге болады. Әр номинацияның ережесі мен қатысушылардың анкетасы Марафон жобасының www.qim.kz ресми сайтында орналасқан. Кез келген сұрақ бойынша ұйымдастыру комитеті өкілдерінің келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады: +7 701 513 55 00.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру. Марафонға ниет білдірген кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін өзінің жақсы істерін әлеуметтік желілерде #ҚАЙЫРЫМДЫІСТЕРМАРАФОНЫ #МАРАФОНДОБРЫХДЕЛ ресми хештегімен жариялауы керек.