ЖЕКЕ КАБИНЕТКЕ ҚАЛАЙ КІРУГЕ БОЛАДЫ?

ЖЕКЕ КАБИНЕТКЕ ҚАЛАЙ КІРУГЕ БОЛАДЫ?

ЖЕКЕ КАБИНЕТКЕ ҚАЛАЙ КІРУГЕ БОЛАДЫ?


1⃣ тәсіл. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы
2⃣ тәсіл. ЖСН және құпиясөз арқылы.

Егер Сіз өз құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз, онда «Тіркелу / құпиясөзді ұмытып қалдыңыз ба?»сілтемесін басыңыз. Бұдан әрі өзіңіздің ЖСН енгізіп, бір реттік алты таңбалы құпиясөз қайда жіберілетінін таңдау қажет – электрондық мекенжайға немесе ұялы телефонға. Бір реттік құпиясөз көмегімен жаңа құпиясөзді орнатыңыз.

Назар аударыңыз, бір реттік құпиясөз тек Қордың деректер базасында тіркелген e-mail мен телефон нөміріне ғана жіберіледі.
Егер Сіздің байланыс деректеріңіз БЖЗҚ-да тіркелмеген болса, онда ЭЦҚ көмегімен авторлану қажет. ЭЦҚ көмегімен Сіз өз деректемелеріңізге өзгерістер мен толықтырулар енгізе аласыз, оның ішінде байланыс деректерін жаңарта аласыз.

❗ ЭЦҚ-ны egov.kz сайтынан онлайн режимінде жасап алуға болады.