Қоғамдағы өзекті проблемалардың бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Қазақстанның жастар фракциясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен а.ж. 29 шілдесі күні «Өз өміріңді аяла» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Аталған шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы – Д.Тынымкулова, Ақтөбе қаласы «Астана ауданы» пробация қызметі бөлімінің психолог инспекторы, әділет капитаны - Н.Абубәкірова, «Дәріс» ақпараттық – кеңес беру орталығының психологы, отбасы институты бойынша тренер - Л.Қонарбаева және қалалық кризистік орталығының мамандары қатысты.
Шараның басты мақсаты әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нақты мәселелерін талқылау және олардың шешу жолдарын анықтау, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік моделін бекіту.
Шара барысында «Дәріс» ақпараттық – кеңес беру орталығының психологы - Л.Қонарбаева тренинг жұмыстарын өткізіп, қатысушылардың сұрақ – сауалдарына жауап беріп, ақыл – кеңестерімен бөлісті.
Шара Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылды.