ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІН САЙЛАУ БАСТАЛДЫ

ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІН САЙЛАУ БАСТАЛДЫ

25 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде. Биыл алғаш рет азаматтарымыз жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды.

Мұғалжар ауданы бойынша Қайыңды ауылдық округінің әкімін сайлау басталды. Сайлау барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілуде. 1225 тұрғыны бар Қайыңды ауылдық округінде 712 сайлаушы бар. Қайыңды ауылында №347 сайлау учаскесінде 393 сайлаушы, Алтынды ауылында. №348 сайлау учаскесінде 319 сайлаушы өз таңдауларын жасайтын болады.

Қайыңды ауылдық округінің әкімі болуға 3 үміткер тіркелген. Олар "Ақжол" демократиялық партиясының атынан Джали Тлепбайұлы Абдиев, "Nur Otan" партиясы атынан Нұрболат Жоламанұлы Жалғас және өзін-өзі ұсынған Руслан Әділұлы Төребеков.