ҚҰРМЕТТІ АҚТӨБЕЛІКТЕР!

ҚҰРМЕТТІ АҚТӨБЕЛІКТЕР!

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті, 2021 жылғы 1-30 маусым аралығында халықтың ұлттық санағының дайындық кезеңін өткізеді. Дайындық кезеңі онда тұратын адамдардың санын нақтылау мақсатында, интервьюерлердің тұрғын емес үй-жайларда тұратындарды анықтау мақсатында оларды аралауы жүргізілетін болады.
Сіздерден алынған ақпарат аса құпияда ұсталатынына және тек статистикалық мақсаттарда пайдаланатынына кепілдік береміз.
Сіздің жауаптарыңыз тек жалпылама статистикалық бағалау үшін қолданылады. Жиынтық түрде бұл деректер республика азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және өзге де мәселелерін жақсарту жөніндегі нақты мақсаттарға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеуге көмектеседі.
Сізден сұхбат берушіге (ешқандай құжаттарды ұсынбай) бірнеше сұрақтарға ауызша жауап түрінде ақпарат беруіңізді сұраймыз.
Интервьюермен қысқаша әңгімелесуге жұмсалған уақытыңыз үшін сізге ризашылығымызды білдіреміз.

2021 жылғы 1-30 маусым аралығында сізге келетін интервьюердің аты-жөні мен фотосуреті бар арнайы куәлігі болуы тиіс. Интервьюердің жеке басы статистика органдарында нақтылануы мүмкін.
Сіз статистика департаментіне 8 (7132) 54 55 03 байланыс телефоны арқылы немесе елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондары үшін бірыңғай нөмір болып табылатын 1446 және 8 8000 800 878 call-орталығына қоңырау шалып, сұрақтарыңызды қоя аласыз. Сонымен қатар, кез-келген кеңес алу үшін sanaq.gov.kz интернет-ресурсына жүгінуге болады.

Ынтымақтастығыңыз үшін алдын-ала алғыс айтамыз! @statgov.kz
@dstat.aktobe