«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» 2018 ЖЫЛДАН ЕСТЕЛІК

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» 2018 ЖЫЛДАН ЕСТЕЛІК

Халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерларды, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценанттық идеяларын танымал ету мақсатында 2018 жылдан бастап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық көлемде «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі жыл сайын өткізілуде.

 2018 жылы «Туған өлке» номинация бойынша сыйлықты «Наурыз-СИМ» ЖШС бас директоры - Сарсенбаев Ибрагим Махайевич иеленді. Сарсенбаев И.М. өскелең ұрпақтың қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай көмек көрсетті. 2016 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының мәдени-ойын-сауық орталығында футбол алаңын салды. 2017 жылы балалар үйіне жалпы сомасы 47 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізді. Сондай-ақ, 2018 жылы балалар спорт алаңының құрылысына 19 млн.теңгеден астам қаражат бөлді.