«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

15 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының іріктеу кезеңі басталды.
Отбасы құндылығын насихаттау, мәртебесін көтеру мақсатында жыл сайын республика көлемінде ұлттық конкурс өткізіліп келеді.

Ағымдағы жылдың 15 мамыр – 15 маусым аралығында Ақтөбе қаласы мен барлық аудандарда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтініштер қабылданады.
Өтінімдер қалалық, аудандық комиссия отырыстарында қаралып, жеңімпаз анықталады.
Осыған орай, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға шақырамыз.
Құжаттарды тапсыру және қосымша ақпараттарды алу туралы қалалық және аудандық әкімдіктерден біле аласыздар.