«Текті сөздің төресі – терме» облыстық жыршы-термешілер байқауы

«Текті сөздің төресі – терме» облыстық жыршы-термешілер байқауы

Жалпы ережелер
1. «Текті сөздің төресі – терме» облыстық жыршы-термешілер байқауы (бұдан әрі – Байқау) тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған.
2. Мақсаты - сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр және терме жанрын дамыту, жыр және терме өнерін жастардың арасында дәріптеу.
3. Байқауға 14-29 жас аралығындағы облыс тұрғындары қатыса алады.
4. Байқау 11 - 25 мамыр аралығында өткізіледі.

Байқау шарттары
1. Байқауға қатысу үшін үміткер ел бірлігі мен рухани құндылықтар туралы философиялық ойларды жинақтаған Ақтөбе өңірі жырауларының шығармашылығын насихаттау мақсатында өзінің жеке Instagram, Facebook парақшаларында өз орындауларындағы терме-жырларды жариялайды. Байқауға облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының @aqtobe_ruh instagram парақшасын және #руханижаңғыру, #ТермеАқтөбе, #руханиАқтөбе, #ұлттықбірегейлік, #дәстүрменғұрып хэштегтерін белгілеу міндетті.
2. Орындалатын жыр-терменің көлемі 7-10 минутқа дейін болуы керек.
3. Облыстық жыршы-термешілер байқауына қатысушы өзі туралы (толық аты-жөні, оқу орны немесе жұмыс орны, мекен-жайы, байланыс телефоны) деректемелік ақпаратты міндетті түрде көрсетуі керек.

Байқауды ұйымдастыру тәртібі
1. Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру өңірлік, облыстық БАҚ-да, өңірлік әлеуметтік желілерде жарияланады.

Байқау қатысушыларын бағалау
1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын «Рухани жаңғыру» орталығы анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен құралады.
2. Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды негізге алады:
1) шығарманың мазмұн тереңдігі
2) шығарманы орындау шеберлігі
3) тіл тазалығы
4) сахна мәдениеті.

Мекен-жай: Ақтөбе қ., Сәңкібай батыр даңғылы 20А, 1-қабат, №101 кабинет, Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы
Байланыс телефондары: 8 (7132) 55-80-17, 8 777 800 40 84