Оқыту семинары

Оқыту семинары

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының және «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясы» ЗТБ-ның ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 наурыз күні сағат 10.00-де ҮЕҰ дерекқорына кезекті есепті тапсыру бойынша ZOOM-конференциясы арқылы оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты – Ақтөбе облысында жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ-дың дерекқорға кезекті есепті тапсыру жүйесін түсіндіру.

Семинар барысында «Ақтөбе облысының ҮЕҰ Ассоциациясы» ЗТБ-ның төрайымы А.Дюсенова ҮЕҰ дерекқорға есеп тапсыру әдістерін түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Семинарға Ақтөбе облысының ҮЕҰ төрағалары, ішкі саясат бөлімдерінің жауапты тұлғалары және  мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

ҮЕҰ дерекқорына есеп тапсыру 2021 жылғы 31 наурызға дейін жалғасады, дерекқорға мәлімет ұсынбаған және уақытылы ұсынбаған ҮЕҰ-дарына «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен белгіленген тәртіпте шаралар қолданылатын болады.