Ақтөбе облысында COVID-19 вакцинациясы басталды

Ақтөбе облысында COVID-19 вакцинациясы басталды

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева №6 қалалық емханаға барып алғашқылар қатарында коронавирусқа қарсы екпе салдырды.
Н.Беркімбаева жалпы денсаулығын тексеріп, екпе алғаннан кейін тілшілерге сұхбат берді.

Ресейден алғашқы компонент - Sputnik V вакцинасы 1000 дозада, Ақтөбе қаласына жеткізілді. 2021 жылдың 1 ақпанында медицина қызметкерлері екпенің 0,5 миллилитр болатын бірінші компонентін алды. Тура 21 күннен кейін, яғни 22 ақпанда екпенің екінші компонентін алатын болады.
Ақпан айының 20-ларында Ресейден екпенің екінші партиясы әкелінеді. 26-сынан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешенінде жасалған «Спутник V» ресейлік екпені аламыз. Ал наурыздан бастап Алматыда жасалған отандық екпені ала бастаймыз. Негізі екпені алу 18-60 жастағы адамдарға жүргізіледі.

"Қазақтан Республикасындағы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізу» бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес уақытша әдістемелік ұсынымдар:
1.КВИ-дің жіті және симптомсыз түрі бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды;
2.Профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар;
3.Инфекциялық аурумен ауырғандар, оның ішінде КВИ-мен ауырғандар, науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі.
Екпе салу тегін жүргізіледі. Екпе алу туралы ақпарат электронды түрде базаға енгізілетін болады. Оны жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы тексеруге болады.


@sapa_aktobe Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі