Оңдасын Оразалин коронавирусқа қарсы екпені салу үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етуді тапсырды.

Оңдасын Оразалин коронавирусқа қарсы екпені салу үшін барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты сұрақтар қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейне байланыс арқылы қатысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін жеткізді.
«Бүгін өңірде үш коронавирус жағдайы тіркелді. Науқастардың 95,8%-ы жазылып шықты. Төсек-орын жүктемесі 18,8%. Карантин орталықтары мен зертханалар жұмыстары жалғасуда»,-деген Нұржауған Қалауов өңірде коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынына дайындық бойынша ​ жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтты.
Қажет болған жағдайда төсек орын саны 445-тен 3603-ке дейін өспек, орындардың 57,1%-ы оттегімен қамтылған, 21 стационарлық рентген аппараты орнатылды, 382 өкпені жасанды желдететін аппарат, 450 оттегі концентраты, 626 оттегі баллоны, 787 Бобров аппараты мен 424 оттегі жастықтары бар. Жедел жәрдем бекеттері мен емдеу мекемелерінің автопарктері 41 санитарлық машинамен толығып, 6 мобильді диагностикалық кешен сатып алынды, дәрілік және жеке қорғаныс заттарының екі айлық қоры жасалды.
COVID-19-ға қарсы екпеге қатысты айтар болсақ, өңірге Ресейдің «Спутник V» вакцинасынан​ мың доза әкелінді. ​
Қаладағы № 2, 3, 4 емханаларда, Отбасылық медицина орталығында, облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығында, «Медикус орталығында» қауіп-қатер тобындағы жұмысшыларға екпе салу барлық талаптарды сақтай отыра қатаң жағдайда жүргізілуде. Бұл жұмысқа 189 медицина қызметкері тартылған, бірінші күні 91 адам егілді.
Жиын соңында өңір басшысы Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты сұрақтарды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
«Екпе салу қазіргі таңда Ақтөбе қаласында жүргізілуде, аудандарда бұл науқанға кейінірек кіріседі. Біздің міндетіміз – екпе салу үшін барлық талаптар мен нормаларды сақтай отыра бүкіл жағдайды жасау»,- деді Оңдасын Оразалин.