Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.


06.12.2020
жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 10 жағдай тіркелді, оның 9-ның клиникалық симптомдары бар, ал 1-і симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 3 жағдай (1-і жергілікті жағдай, 2-і ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар), Мәртөк ауданында 6 жағдай (5-і жергілікті жағдай, 1-і ауру адаммен қарым-қатынаста болған), Хромтау ауданында 1 жағдай (ауру адаммен қарым-қатынаста болған).
Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3531 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1736) және 51%-ы симптомсыз (1795) жағдай.

Ақтөбе қаласында – 2505 жағдай, оның ішінде (1117 симптомсыз);
Әйтеке би ауданы – 21 (8);
Алға – 99 (77);
Байғанин – 57 (35);
Ырғыз – 54 (38);
Қобда 14 (13);
Қарғалы – 57 (34);
Мәртөк – 99 (48);
Мұғалжар – 173 (125);
Темір – 190 (158);
Ойыл – 21 (10);
Хромтау – 127 (68);
Шалқар ауданы – 114 (65).

3327 (94,2%) науқас жазылып шықты.

Жалпы тіркелген 3531 науқастың 3,3% (119) сырттан әкелінген, 14,3% (508) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,2% (2904) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,3% (998) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 278 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.


Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі