Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылған әлеуметтік жобалардың нәтижелерін бағалау бойынша сараптамалық кеңестің құрамына үміткерлерді қабылдайтынын хабарлайды.

Сараптамалық кеңестің негізгі мақсаты — әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған жобалардың нәтижесін бағалау.

Сараптамалық кеңестің құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғам қайраткерлері шақырылады.

Үміткерлерге келесі талаптар қойылады:

- Жоғары білімінің болуы;

- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағында көзделген бір немесе бірнеше сала бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

- Әлеуметтік жобаларды бағалау саласында кемінде екі жыл тәжірибенің болуы;

Сараптама кеңесінің өкілеттік мерзімі — үш күнтізбелік жыл. Сарапшылардың жұмысы қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

Қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- Сарапшының біліктілігін растайтын дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері;

- Үміткердің еңбек өтілін растайтын, жұмыс беруші қол қойған және мөрмен расталған түйіндеме.

Құжаттарды 2026 жылғы 28 шілдеге дейін T.mukhambetov@aqtobe.gov.kz электронды поштасына жіберу қажет.

Анықтама үшін телефондар: 8 (7132) 74-75-57.