
Екі айлық санитарлық аяқталды, санитарлық шаралар жалғасады.
Санитарлық тазалық бойынша екі айлыққа 168 мыңнан астам адам қатысты.
Облыс әкімі аппарат мәжілісі барысында санитарлық тазалық пен абаттандыру бойынша екі айлықтың қорытындысын шығарып, атқарылған жұмыстардың ауқымын атап өтті және өңірдегі елді мекендердің тазалығын жүйелі түрде бақылауды жалғастыру қажеттігін айтты.
Сенбіліктер 10 апта бойы облыстың қалалары мен аудандарында өткізілді. Оларға 168 мыңнан астам адам қатысып, 377 техника жұмылдырылды.
Іс-шаралар аясында 7 101 көше мен 825 саябақ тазартылып, 2 126 заңсыз қоқыс үйіндісінен 9 205 тонна қоқыс, сонымен қатар, елді мекендердің көшелерінен 19 697 тонна қоқыс жиналып шығарылды. Бұдан бөлек, 464 шағын сәулет нысанының сыртқы келбеті қалпына келтірілді.
Жағалау аймақтарының санитарлық жағдайына аса көңіл бөлінді. Жалпы ұзындығы 626 шақырымды құрайтын жағалау аумағы қоқыстан тазартылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өңірімізде басталған екі айлық 30 мамырда аяқталды. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады. Осыған байланысты өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне аумақтардың санитарлық жағдайы мен абаттандыру мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
– деді облыс әкімі Асхат Шахаров.