Облыс әкімі Орынборда Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Облыс әкімі Орынборда Жеңіс ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Орынборға барды.

Өңір басшысы «Салют, Победа!» саябағында өткен еске алу іс-шарасына қатысып, бір минут үнсіздікпен батырларды еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Бұл шараға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасының вице-министрлері, сондай-ақ шекаралас өңірлердің өкілдері, оның ішінде Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының делегациялары да қатысты.