
7 сәуір күні облыс әкімдігі ғимаратында орын алған төтенше жағдай – өрт оқиғасы өңір жұртшылығын алаңдатқаны белгілі. Дегенмен, тілсіз жаумен арпалыста өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жоғары кәсібилік пен табандылықтың нағыз үлгісін көрсетті. Оқиғаның алғашқы минуттарынан-ақ жедел әрекет еткен мамандар жалынды дер кезінде ауыздықтап, үлкен шығын мен қайғылы жағдайлардың алдын алды.
Осыған байланысты облыс әкімі Асхат Шахаров ерлік танытқан қызметкерлерге арнайы құрмет көрсетіп, ризашылығын білдірді.
Салтанатты жиын барысында төтенше жағдай кезінде ерлік көрсеткен 172 жеке құрам қызметкері алғысқа бөленіп, сыйақымен марапатталды. Облыс әкімдігінде өткен салтанатты қабылдауда өңір басшысы бұл жағдайдың тек қызметтік міндетті орындау ғана емес, ел мен жерге деген адалдықтың, халық алдындағы борыштың жарқын көрінісі екенін жеткізді. Сонымен қатар, олардың ерлігі жас ұрпаққа үлгі екенін және қоғам үшін зор мақтаныш екенін айтты.
– деді облыс әкімі.
Құтқарушылардың жанқиярлық еңбегі мен батылдығы ел тыныштығы мен қауіпсіздігі – сенімді қолда екенін тағы бір дәлелдеді.