Назар аударыңыздар, ҮЕҰ!

Назар аударыңыздар, ҮЕҰ!

Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қысқа мерзімді гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз!

Қысқа мерзімді гранттар саны: 4

Біз төмендегі басым бағыттар бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:

- Ақтөбе облысында қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту

- Отбасылық құндылықтарын насихаттауға, гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу

- Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру

- Облыстағы азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

Қысқа мерзімді гранттар бойынша 15 (он бес) жұмыс күні ішінде 2026 жылғы 10 наурыз бен  2 сәуір аралығында сағат 18:30-ға дейін.

Өтінімдерді қабылдау:
📧 Электрондық пошта: aktobe2026@cisc.kz

🏢 Немесе қағаз түрінде: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 11/5 ғимарат, 5-қабат, 504/1-кабинет, сағат 9:00–18:30 арасында жүзеге асады.

Қатысуға тек деректер базасында тіркелген ҮЕҰ-лар рұқсат етіледі.

Конкурс және жобаларға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты https://cisc.kz/ сайтынан «Гранттар» => «Гранттар туралы хабарламалар» бөлімінен алуға болады.

 

☎️Байланыс үшін:

+7 (702) 984 98 06

+7 (7172) 79 04 31

+7 (7172) 79 08 07