Ақтөбеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бүгінгі жәрмеңкеге Ырғыз, Мәртөк, Шалқар аудандарының және Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелеріне ет, сүт өнімдері қойылды. Оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларының өнімдері де бар. Ақтөбеліктер тауарларды нарықтағы бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатып алды.

Облыстың ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, мұндай жәрмеңкелер өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға ұсынуға жағдай жасайды. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бағаны тұрақтандыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.