
Конституциялық реформаларды ілгерілетуге арналған ақсақалдар мен аналар кеңесінің кездесуі өтті. Онда елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық өзгерістердің мазмұны мен маңызы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, ұлттық құндылықтарды сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, отбасы институтын қолдау, жастар тәрбиесі және әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін көтерді.
Ақсақалдар ел бірлігі мен тұрақтылықтың маңызын атап өтсе, аналар кеңесінің мүшелері отбасы мен бала құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар алдағы республикалық референдумның маңызы айтылып, оның ел болашағы үшін аса маңызды саяси қадам екені жеткізілді. Референдум – әр азаматтың мемлекет дамуына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін демократиялық тетік.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.