
«Жүректен жүрекке» еріктілер тобы Қалалық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, ай сайын дәстүрге айналған қайырымдылық іс-шарасы аясында қарттар үйіне арнайы барды. Кездесу барысында еріктілер туған күн иелерін құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қарттарға құрмет көрсету, олардың қоғам тарапынан әрдайым назарда екенін сезіндіру және рухани қолдау білдіру. Еріктілер ақжарма тілектерін арнап, шағын сыйлықтар табыстап, жылы жүздесулер ұйымдастырды.
Мұндай қайырымды кездесулер қарттардың жүзінен қуаныш ұялатып қана қоймай, жастар арасында адамгершілік, жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы бар бастамаларды жүйелі түрде жалғастырып, қоғам игілігі жолында белсенді қызмет етуді жоспарлап отыр.