
2025 жылдың 11 айында Ақтөбе облысына 982 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 125,3% өсімді құрады.
Жыл қорытындысы бойынша инвестиция тарту көрсеткіші 1,1 трлн теңгеге жетеді деп жоспарлануда.
Көрсеткіш бөлінісінде ERG (Болашақ шахтасы),CNPC (мұнай саласы), «Ақтөбе мыс компаниясы» (Лиманное кен орыны), ҚМЖЗ (Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты), Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (АЗФ) және басқа да ірі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жаңа инвестициялық жобалар үлкен үлестерін қосып отыр.
Мәселен, 2025 жылдың басынан бері жалпы құны 185,6 млрд теңге болатын 10 жаңа жоба іске қосылып, 450-ден аса жаңа жұмыс орны құрылды.
Назарларыңызға, жаңа жобаларды ұсынамыз.
1. «Хромтау 1» жел электр станциясы, жылдық қуаты 150 МВт («Қазақстан электролиз зауыты» АҚ) – 77 млрд тг;
2. ERG Green флотациялық учаскесі, қалдықтардан хром өндіру («Қазхром» ТҰК» АҚ) – 20,6 млрд тг, жылына шамамен 275 мың тонна өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу;
3. Жүнді терең өңдеу және бейматериалдар шығаратын цех («KazFeltec» ЖШС) – 5,3 млрд тг;
4. Бизнес-орталық құрылысы («Строй-max» ЖШС) – 3,5 млрд тг;
5. Гофро-орама және стрейч-пленка өндірісі («Capital Plast KZ» ЖШС) – 2 млрд тг;
6. Ұсаққұрылымды бұйымдар өндіру цехы («Samat Group Interprise» ЖШС) – 1,5 млрд тг;
7. Агрохимикаттар өндіретін зауыт («MKR Plus» ЖШС) – 564,6 млн тг; қуаты: гербицидтер – 500 м³/жыл, сұйық тыңайтқыштар – 1500 м³/жыл, қосымша өнімдер – 50 м³/жыл;
8. Ұнтақты өрт сөндіргіштер және өртке қарсы жеңдер өндірісі («Ort tehnika-Qazaqstan» ЖШС) – 542,9 млн тг, қуаты — ауысымда 1000 өрт сөндіргіш және 1000 м жең;
9. «Лиманное» кен орнын игеру, жылдық қуаты 1,2 млн тонна руда («Казгеоруд» ЖШС)— 257,9 млрд тг.
Жобаны іске асыру екі кезеңнен тұрады: I кезең — ашық кеніш 2025 жылғы тамызда пайдалануға берілді, қазіргі уақытта 70,5 млн тг игерілді. II кезең — жерасты кенішінің құрылысы, мерзімі жобамен нақтылануда. Жобаны аяқтау – 2052 жылға жоспарланған.
10. Сүт-тауар фермасын кеңейту («Айс» ЖШС) — 4,6 млрд тг.