
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен, өткен жиында «Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023–2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының орындалуы туралы» мәселе қаралды.
Полиция департаменті, денсаулық сақтау, білім, жастар саясаты және ішкі саясат басқармаларының басшылары баяндама жасады. Заңсыз есірткі айналымы мен оны тұтынуға қарсы күрес, профилактикалық шаралардың тиімділігі, жастар мен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері талқыланды.
Нәтижесінде кешенді жоспардың барлық бағыты бойынша іс-шараларды толық әрі сапалы орындау, есірткі жарнамасы бар граффитилерді анықтау және жою бойынша бірыңғай есеп жүргізу алгоритмін әзірлеу, мектеп оқушылары мен жастар арасында нашақорлық пен тәуелділіктің алдын алу шараларын күшейту, сот сараптамалары орталығын заманауи зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету сияқты тапсырмалар берілді.
Отырысты қорытындылай келе, өңір басшысы барлық басқармалар мен мемлекеттік органдарға берілген тапсырмаларды сапалы әрі уақытылы орындауды міндеттеді.