
14 қазанда «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтады:
Хитрук Канат – «Оксана» украин ұлттық мәдени орталығының өкілі - Бас жүлде;
Галиева Камила - Әйтеке би ауданы, Комсомол жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы -І орын;
Кадырова Марха - Темір ауданы, Шұбарқұдық жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы - ІІ орын;
Лукина Надежда – Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының оқушысы – ІІІ орын иеленді.
Шара соңында қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.