18 қыркүйекте Ақтөбе облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Омарова ішкі саясат басқармасының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде:
- еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау
- әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқықбұзушылықтарды мониторингілеу
- ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы
- жұмыс уақыты регламентін сақтау
- қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кездесу мемлекеттік кызметшілер арасында этикалық нормаларды сақтау мен құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында өткізілді.