Президент ақтөбелік жолшыларды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Президент ақтөбелік жолшыларды мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін Мемлекет басшысы көлік саласының қызметкерлерін марапаттады. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мереке иелерін құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары деп атады.

Бұл құрметке Ақтөбе облысынан екі маман ие болды. «КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының Қарабұтақ кентіндегі жол жұмысшысы Сижанов Әлімбай Латипбайұлы көлік саласын дамытуға және қатынас жолдарының инфрақұрылымын жаңғыртуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» өңірлік филиалы Ақтөбе учаскесінің жолсерігі Амельянова Вера Ивановна «Шапағат» медаліне ие болды.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы бұл марапаттар – еңбек адамдарының қоғамдағы орнын айқындайтын маңызды қадам.

Мемлекет басшысы атап өткендей, көлік саласы мамандары өз міндеттерін абыроймен атқарып, мемлекеттік маңызы бар іске белсенді түрде үлес қосып келеді.