«Ақтөбе» өз алаңында «Спартаны» жеңді

«Ақтөбе» өз алаңында «Спартаны» жеңді

Ақтөбеде УЕФА Конференция Лигасының ІІ іріктеу кезеңі аясында «Ақтөбе» мен «Спарта» (Прага) арасындағы алғашқы матч өтті.

Қызу әрі тартысты өткен ойында, жергілікті жанкүйерлердің қуанышы мен қолдауының арқасында «Ақтөбе» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері шабуылға белсенді кірісіп, нәтижесінде 29-минутта Даниэль Соса есеп ашты. Екінші таймда шабуыл шебін күшейткен ақтөбеліктер 83-минутта Оралхан Өміртаевтың дәл соққысының арқасында есепті еселей түсті. Чехиядан келген қонақтар 90-минутта пенальтиден бір голмен жауап берді.

Бұл нәтиже «Ақтөбе» үшін жақсы бастама. Жауапты ойын 2025 жылғы 31 шілдеде Прага қаласында өтеді.