Шара барысында жастар өздерінің бастамалары туралы пікірлерін ортаға салып, қызметімен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесудің басты мақсаты – өңірлік бірлестіктің бастамаларын қолдау, жаңа идеяларды жүзеге асыру, жалпыұлттық бірлік пен бейбітшілікті насихаттау, достықты нығайту, сондай-ақ жастар арасында тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады.