2025 жылғы түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті

2025 жылғы түлектерге аттестат табыстау рәсімі өтті

Ақтөбе облысының мектептерінде 9 және 11-сынып түлектеріне аттестаттар табыстау салтанаты өтті

Биылғы жылы 11-сыныпты 10 461 оқушы аяқтады.

Олардың ішінде 621 түлек мектепті үздік бітіріп, жоғары білім деңгейі мен оқу жетістігін дәлелдейтін «Алтын белгі» иегері атанды.

Сонымен қатар, 15 708 оқушы 9-сыныпты аяқтап отыр. Бұл - олардың лицейлер мен колледждерде немесе жоғарғы сыныптарда білім алуды жалғастыру жолындағы маңызды кезеңі.

Салтанатты шаралар мектептерде ұстаздар, ата- аналар, жергілікті атқарушы органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен жылы әрі мерекелік атмосферада өтті.

Түлектерге болашақта жаңа табыстар, өз күшіне деген сенімділік және алдарына қойған мақсаттарына жетуді тілейміз!